12:12, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысын аяқтау үшін 85 млрд. теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысын аяқтау үшін 85 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге нысандарды дер кезінде аяқтау мақсатында 85 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде 60 млрд. теңгесі көрме контенті мен павильондарын қалыптастыруға, ІТ инфрақұрылымын құруға және басқа да шараларға көзделген», - деді министр.
«ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығы құрылысын аяқтауға 15 млрд. теңге және тағы 10 млрд. теңге көрме қарсаңында Астана әуежайының терминалы мен ұшып-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы тапсыруға қарастырылған.