ЭКСПО-2017 көрмесіне жаяу аттанған өскемендік желаяқ Екібастұздан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін қолдау мақсатында Өскеменнен елордаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтар Екібастұзға аялдап, тұрғындарды қаланың 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
None
None

Екібастұз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Талғат Сәкеннің сөзінше, бүгін Өскемен облыстық спорт басқармасының мамандары спортшының қала аумағына жеткенін айтқан.

«Марафоншымен Екібастұз қаласының шетіндегі стеллада кездесіп, сұхбаттастық. Спортшы қала тұрғындарын биылғы 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, спортта зор жетістіктерге жетуімізді тіледі. Қала шетіне түскі сағат 12 кезінде келген ол шамамен 10-15 минуттай аялдаған соң Павлодар-Астана автожолымен ары қарай кетті. Жүгірісін 10-маусым күні Астанада аяқтайды. Сонда барлығы 1000 шақырым жолды жаяу бағындырмақ», - дейді Талғат Сәкен.

Ғалымжан Тоқтар Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істейді.  Ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне орай Астанаға дейін жаяу жүгіріп бару үшін 26 мамыр күні жолға шыққан .

Күніне 10 сағат жүгіріп, шамамен 60-70 шақырым жолды артқа тастайды. Ауа райы қолайлы болса, 80 шақырымға дейін жеткізетінін айтқан. Ал, спортшының әйелі Еркегүл Мұқият болса, көлікпен ілесіп, барлық жол барысын бейнетіркегішке түсіреді. 

Соңғы жаңалықтар