ЭКСПО-2017 өткізудегі Астананың жеңісімен Елбасын Қазақстанның белгілі спортшылары, Лондон Олимпиадасының чемпиондары құттықтады

Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның үлкен халықаралық жетістігінің біріне айналғаны шүбәсіз. Мемлекет басшысының атына хаттардың толассыз келуі - осының айқын айғағы. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Өздері жолдаған құттықтауларда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мүшелері бүкіләлемдік көрме еліміздің жаңаруына қуатты серпін беретініне сенім білдірген. Ассамблея өкілдері бұл Қазақстан үшін әлемнің орнықты даму аясында, сондай-ақ экологиялық таза энергия ресурстарын, баламалы энергияны пайдалануда жаңа айналым болатынына сенімді.
Көптеген құттықтаулар түрлі білім мен ғылым саласы өкілдерінен келіп түсті. Олардың қатарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Рудный индустриялық институты, ҚазТұтынуОдағының Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан-Ресей университеті «Лицей-Колледж-ЖОО» ОМК оқытушылар ұжымы мен студенттері бар. Құттықтауда ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбының жоғары маңызы мен ғылыми әлеуеті атап өтілген.
Атап айтқанда, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы «ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстанды әлемге тек Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі ретінде ғана емес, жаһандану талаптарына сай келетін және «жасыл» экономика» қағидаттары бойынша даму үстіндегі индустриялы мемлекет ретінде де танытуға мүмкіндік береді» деп жазады. Осы орайда, профессор Н.Бөкетова Бүкіләлемдік көрменің алаңы ретінде Астананың таңдалуы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің мойындалуы екеніне тоқталған.
«Мен Қазақстанның бүкіл әлемге өз қуатын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған заманауи жаңа елордасын қысқа уақыт ішінде салуымен дәлелдегенін мақтан етемін. Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік» деп атап өткен Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің директоры Г.Шунаева.
Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері де құттықтауда. Олардың арасында Қазақстан Жазушылар Одағы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Азаматтық альянсы, Қарағанды облысының техникалық және кәсіби білім беру мекемесі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, Астана қаласындағы «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау жөніндегі қоғамдық қоры, Қарағанды облысының Кәсіподақ федерациясы, «Астана қаласындағы мүгедек балалар қоғамы» АҚ, «Ел шежіре» қайырымдылық қоры» ҚҚ да бар.
«Маңғыстау» газетінің бас редакторы М.Қосымбай, «Огни Маңғыстау» газетінің бас редакторы Н.Бутырина және «Қазақстан-Ақтау» телерадиокомпаниясының директоры Ж.Ағыбаев Маңғыстау облысының журналистері қоғамдастығы атынан ЭКСПО-2017 көрмесі өте жоғары деңгейде өтетініне және Қазақстанды бүкіл әлем тани түсетініне сенім білдіреді.
Ақордаға құттықтаулар мәдениет қайраткерлерінен де келді. Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры ұжымдары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Р.Рымбаева, Л.Кесоглу, Д.Исабеков. т.б. хат жолдаған.
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу - қазақстандықтардың болашаққа деген сенімінің жарқын көрінісі» делінген М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артистері жолдаған хатта.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысын А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқушылары және «Жас толқын» патриоттар клубының мүшелері, «Дизайн апталығы Алматы-2012» халықаралық фестиваліне қатысушы А.Бобыкин, А.Казарин, С.Чуев, А.Лысогоров, И.Байбурин, Т.Сүлейменов құттықтаған.
Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу салтанатымен Қазақстанның белгілі спортшылары, спорт мекемелерінің еңбеккерлері құттықтады. Олардың арасында Лондон Олимпиадасының чемпиондары С.Сәпиев пен О.Рыпакова, Олимпиаданың күміс жүлдегері Г.Цурцумия, ҚР Президенті Кубогы үшін өткен «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлдегері Ш.Жоламанов, олимпиадалық құраманың мүшелері және Астана қаласының Олимпиялық ізбасарлар даярлау орталығының ұжымы бар.
Астана қаласынан хат жолдаған ардагер Р.Атығаева «Сарыарқа төсінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу еліміз тарихына енетін кезекті оқиғаның алтын парағына айналатынын» атап өткен. Мұндай мазмұндағы пікір Батыс Қазақстан облысының соғыс және еңбек ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Н.Молостов жолдаған хатта білдірілген.
Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алуына байланысты өз қуаныштарын Мемлекет басшысының сыныптастары-курстастары атынан Ермаханбетовтар отбасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті А.Оржеховская, Астана қаласынан Мұхаметшиналар отбасы мен А.Жәңгіров, Алматы облысы, Үштөбе қаласынан О.Кәрбозұлы, Шымкент қаласының тұрғыны Б.Шүкірбеков, Жамбыл облысы, Меркі ауылынан С.Дәрменов, Алматы облысынан К.Тұрсынбекова, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан М.Жақашбаев және басқалары бөліскен.
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көптеген хаттар мен жеделхаттар қазақстандық кәсіпорындар ұжымдарынан, атап айтқанда, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Кегок» АҚ, Алматы локомотив пайдалану депосынан, «Normal Work» ЖШС, «Алтын қыран» компаниялар тобынан, сондай-ақ Павлодар облысының Сауда-өнеркәсіп палатасына мүше кәсіпкерлерден келіп түсті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіп түскен барлық хаттарды және жеделхаттарды оқып шығып, барлық авторларға құттықтаулары мен ізгі ниетті тілектері үшін зор ризашылығын білдіреді және баршасына табыстар мен амандық-саулық тілейді.