ЭКСПО-2017 шарасына волонтерлерді тарту 2014 жылдың соңында басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 шарасына волонтерлерді тарту және олардың қызметі 2014 жылдың соңына қарай басталады.
None
None

Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ресми сауалына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта еріктілерді тарту тұжырымдамасы жасақталу кезеңінде, тиісті құжат дайындалуда. Ол көрменің Тіркеу құжаттамасы қабылданғаннан кейін және Қазақстанға ЭКСПО жалауы табысталғаннан соң 2014 жылдың соңында жарияланады. Волонтерлерді іріктеу және тарту жұмыстары да 2014 жылдың соңғы айларында жүзеге асырылмақ», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, қазақстандық еріктілердің ірі халықаралық шараларда үлкен жұмыс тәжірибелері бар. Атап айтқанда, 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезінде 500-ден астам волонтер, 2011 жылы Қысқы Азия ойындары тұсында 2500 ерікті тартылған болатын.

Волонтерлік қозғалыс пайда болған кезден бері, еріктілер елдің бет-бейнесі деп есептеліп келеді. Дәл солардың мәдениеттілігіне, білімділігіне, жүріс-тұрысына қарап, шетел азаматтары сол елдің халқы туралы да сондай ой қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар