ЭКСПО-2017 шеңберінде дамушы елдер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған - Р.Жошыбаев

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан  Астанада өтетін ЭКСПО-2017  көрмесіне дамушы елдердің белсенді әрі жан-жақты ат салысуы үшін  көмек бағдарламасын ұсынды. Бұл туралы ҚР СІМ жауапты хатшысы, Қазақстандағы ЭКСПО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
None
None

«Олар үшін павильондар салу, қондырғыларын  салықсыз кіргізу және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, Африканың, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия павильондарын ұйымдастыруды Астана өз мойнына алады», - деді  ЭКСПО-2017 жобасының үйлестірушісі.

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық көрмені сәтті өткізудің басты шарты - дамушы елдердің қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, олардың көрмеге қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

«Дамушы елдер үшін баламалы қуат көздері дамыған елдердің деңгейіне жетудің негізгі шарты болып табылады. Қазір көптеген мемлекеттерде күн және жел қуаты жөніндегі жобалар іске асырылуда. Біздің тақырыбымыз олар үшін өте қызықты болады», - деп қосты ол.

Сонымен қатар,  баламалы  энергия өнеркәсіптің кеңеюін, сауданың ұлғаюын, ауыл шаруашылығының дамуын, көліктің жетілдірілуін қамтамасыз етеді, ал бұл қосымша жұмыс орындары және халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруының кепілі деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар