ЭКСПО аумағында дрондарды заңсыз пайдаланғандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері 7 маусым күні ЭКСПО көрмесі аумағында әуе кеңістігінде ұшқышсыз ұшатын аппаратты рұқсатсыз пайдаланудың 4 фактісін тіркеді. Аталған фактілер бойынша әкімшілік құжат толтырылып, шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды, деп хабарлайды Астана қалсы ІІД баспасөз қызметі.

ЭКСПО аумағында дрондарды заңсыз пайдаланғандар ұсталды

Ұшқышсыз ұшатын аппаратты әуе кеңістігінде қолдану «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту 10.5.2017 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен» қаулысымен реттеледі.

Ұшқышы жоқ аппараттың көмегімен түсірілім өткізу құзіретті органдармен (Мемлекеттік күзет қызметі, ҰҚК, ИДМ азаматтық авиация комитеті) келісіліп, ұшу жоспарын ескерумен жүзеге асырылады.

Ұшу аппараттарының рұқсатсыз қолданғалы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік заң бұзушылықтар туралы Кодексінің 563 бабына («ҚР әуе кеңістігін қолданудың тәртібін бұзу»)  сәйкес тиісті шаралар қолданылады. Аталмыш баптың талаптарын бұзған жағдайда жеке тұлғалар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (22. 690 теңге), лауазымдық тұлғаларға - 20 АЕК (45.380 теңге) көлемінде әкімшілік жаза қарастырылады.