Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЭКСПО аясында 50 елдің кардиохирургтері Астанада бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 50 елінің кардиохирургтері ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтетін Халықаралық конгреске жиналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ЭКСПО» компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

ЭКСПО аясында 50 елдің кардиохирургтері Астанада бас қосады

Бүкіләлемдік кардиоваскулярлы және торакалды хирургтер қауымдастығының 27-інші "WSCTS-2017" конгресі Астана қаласында 1-3 қыркүйек күндері өтетін болады.

«Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады. Айта кетерлік жайт, Қазақстан - посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел. 
Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1 мыңнан астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургінің шеберлік сабақтары және дәрістері күтуде», - делінген таратылған хабарламада.