ЭКСПО-дағы «Балғын Фуцзянь» бейнесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еркіндікте бақыт лебі тербеткен! Жер- шарының түпкір-түпкіріндегі достарымызды, көркі көз сүріндірер жаңа бақыт мекені балғын Фуцзяньның көркем көрінісін тамашалауға шақырамыз!». 3 тамыз күні Қазақстан ЭКСПО көрмесі қарсаңында, танымал жүргізуші Мусын Айтжан Фуцзянь халқының атынан, әлемнің әр түкпірінен келген барша қонақтарға ізгі ниетпен шақырту жолдады.
None
None

Мусын Айтжан мырза әсем ауеннің ырғағымен көркем бейнелі суреттер арқылы, барша қонақтарға жаңа Фуцзяньнің көркем табиғатын бейнелеп көрсетіп, көз алдарынан өткізгендей болды. Төбесі көк тіреп, көшкен бұлттармен астасқан, ерке бұлағы шолпыдай сыңғырлаған, көркі көз сүйіндіріп, көңіл тербеткен Уишань тауы басталып, Сямынь өлкесінің Гуланъюй аралына дейінгі, тарихы терең Хакка ғимаратынан, тамаша табиғаттың мойнындағы алтын алқадай көз тартатын Тайниньның Жиңху көлі аралығындағы осы бір ерекше табиғат, көргендердің көңілін тойдырып, тылсым табиғатпен, адамдар тілсіз сырласқандай әсерде болды. Әсіресе Мусын Айтжан мырзаның ықыласты түсіндірмесінен кейін, қонақтардың қызығушылы артты.

null 

Айта кетерлігі, ЭКСПО аясында, «Балғын Фуцзянь» туризм және мәдениетті дәріптейтін бейне жазбалар Астана қаласының әуежайында 1 ай уақыт (яғни, 15 шілдеден 15 тамызға дейін) көрсетілді. «Балғын Фуцзянь» туралы бұл бейнелі жазбалар алғаш рет Шанхай халықаралық әуежайында да көрсетілді. Бұл шара дүние жүзінен келген қонақтарға Фуцзяньның жаңа, көркем, әдемі бейнесін көрсетті.

Фуцзянь өлкесі - Туризмды дамыту комитетінің нарықтық дамыту басшысының таныстыруы бойынша, Қытайдың оңтүстігінде орналасқан көркем табиғат, көрікті жер. Фуцзянь өлкесі Шығыс теңізінің жағасында орналасқан, Тайваньмен көршілес болып келеді. Сонымен қатар, туристік ресурстарға бай Фуцзянь экологиялық артықшылықтарымен айшықталады. Өлкенің әсем табиғатының 69.95%-ы орманмен көмкерілген. Осындай артықшылықтарымен бұл өлке 40 жыл бойы ел ішінде біріншілікті бермей келеді.

null

Соңғы жылдары Фуцзянь өлкесі комитеті және өлкелік үкімет туризм саласының дамуына баса назар аударуда, туризмді үш үлкен дамушы саланың қатарына жатқызып, «Балғын Фуцзянь» атты туристік марканы құру туралы барынша атсалысуда. Қазіргі уақытта, Ву Ишан тауы, Тайнин Джинху өзені, Фуцзянь гимараты, Шиямын Гуланъюй аралы секілді төрт әлемдік мұра, Тайнин және Ниндэ сынды екі әлемдік геопарк бар. «Әлемге аты әйгілі шәй мекені, ғажайып ғимарат, табиғи ресурстар, сырлы ғибадатхана ,теңіз үстіндегі жібек жолы, Тайвань элементтері, сырлы мұхит, санаторий және мультимәдениет» сынды 9 ерекше элементтерін бейнелейді. «Бұл Фуцзянь туризмінің халықаралық бағытқа арналған тоғыз ірі сауда нүктесі болып табылады», деді өз сөзінде туризм өкілдері.

Туризм саласын насихаттауға арналған «Балғын Фуцзянь» атты отырысы Астана ЭКСПО көрмесі, Қытай павильонындағы «Фуцзянь күнінің басты іс-шараларының бірі. Басты мақсаты - Фуцзяньның жасыл өркениеті мен дәстүрлі мәдениетін бейнелеп, дүниежүзі елдері арасындағы мәдениет, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастыққа негізделген іс-шарасын ашып, Фуцзяньның экономикалық белдеудегі жасыл жібек жолын құру бағытындағы белсенділігін арттыру.

Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып Қазақстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік ЭКСПО 2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» екені белгілі. Фуцзянь провинциясының төрағасы Чэнь Чжэнь бастаған делегация өкілдері Қытай павильонында «Фуцзянь күні» сериялық көрмесін ұйымдастырды. Оның барысында Фуцзянь өлкесінің жаңа энергия көзін қолдануы, қорғауы және ашу бағытындағы болашақта атқарылатын ауқымды жобаларымен, жеткен жетістіктері жайлы түсіндірілетін болады.

null 

«Қазақстан - Ұлы Жібек жолының негізгі аймағы әрі «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы туралы идея алғаш рет жария етілген жер. Ал Фуцзянь - ежелгі «Теңіздегі Жібек жолы» және «21 ғасырдағы теңіздегі Жібек жолы» үйлесім тапқан аймақ. Олардың екеуінің де тиімді жақтары мен пайдалы тұстары бар, бір-бірін толықтырады. «Бір белдеу, бір жол» ұлы стратегиясының аясында, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі барысында мүмкіндікті толықтай пайдалана отырып, екі ел ресурстарының артықшылықтарын сәулелендіріп, белсенді қарым қатынаста болып, ынтымақтаса отырып ортақ пайда жаратып бірге жеңіске жетуге атсалысайық», - деп атап өтті Чэнь Чжэнь.

Соңғы жаңалықтар