ЭКСПО департаментінің экс-басшысы Қ. Үсеновті екі жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті мүлкін тәркілеумен бірге екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
None
None

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурормен процессуалды келісім жасаған 12  сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

«Сот Үсенов Қажымұрат Қантбайұлын 307 бап 1 бөліммен (лауызымдық өкілеттігін теріс пайдалану), 28 бап 5 бөліммен (қылмысқа жәрдемдесу), 189 бап 4 бөлім 2 тармақпен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жұмсау ) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды»,-деді судья Қажымұқан Мекемтас.

Атап айтқанда, Үсеновке қатысты қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық әрекеттер арқылы қол жеткізілген қаржыға алынған мүлікті тәркілеумен екі жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Сонымен қатар оны мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойы айыру шешімі шығарылды. Үсенов жалпы режімдегі түзету колониясында жазасын өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар