13:28, 06 Маусым 2017 | GMT +5
ЭКСПО еріктілері Астана әкімінің білім грантына ие болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрмесінің ең белсенді еріктілеріне Астана қаласы әкімінің 20 білім гранты табысталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Асхат Ораловтың хабарлауынша, барлық (1,5 мың адам) ерікті арнайы оқудан өткен. Шетелдік қонақтармен сөйлесу техникасын үйренді, тарих пен Астананың көрікті жерлері, ЭКСПО-ның ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.
Қала ішіне тәулігіне кезекшілікке 500 ерікті шығады.
«Еріктілерге арналған ынталандыруда тамақтану және тұратын жерін беруден басқа, ең үздік, белсенді еріктілерге қала әкімінің 20 гранты беріледі. Бұдан бөлек, олар алғыс хаттар мен сыйлықтар алады», - деп хабарлады Асхат Оралов.