ЭКСПО көрме кешенінде соңғы буынды технологиялар зерттеледі - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрме кешенінде ең соңғы буынды технологиялар сынақтан өтеді. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театрында елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Қаланың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - ол ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу. Осы маңызды көрмені өткізу мүмкіндігіне қол жеткізу - үлкен табыс. Астананың жаңа орталығы қалыптасуда және бұл мүлдем жаңа сапаға негізделген. Осы орайда біздің елорда тартымды бола түседі», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы көрме кешені болашаққа негізделгенін, осыған сәйкес сапалы құрылыс жұмыстары жүретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл инновациялық жобада ең жаңа технологиялар сынақтан өтеді. Жаңа технологиялар аясында тек «жасыл» экономикада ғана емес, сонымен қатар ғылымның өзге де салаларында тиісті зерттеулер жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар