16:59, 07 Маусым 2017 | GMT +5
ЭКСПО көрмесі Орталық Азияның беделін көтереді - елші Крол
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролдың айтуынша, Астанадағы ЭКСПО-2017 xалықаралық көрмесі Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азияға абырой әкеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны керек, ЭКСПО көрмесі Қазақстанның ғана жетістігі емес, бұл - барлық Орталық Азияның үлкен табысы. Білуімше, көрмеге Тәжікстан да, Түркіменстан да, Өзбекстан да, Қырғызстан да қатысады. Осылайша, Орталық Азия елдері өзара бірігіп, өз ұйымшылдығын тағы көрсетіп отыр. Сол сияқты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы да бір елдің ғана емес, тұтас бір аймақтың жетістігі деуге болады. Негізі, көп мәселелердің шешілуі өзара ұйымшылдыққа, аймақтың абыройына тікелей байланысты ғой», - деді Крол журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, бүгін елші Крол АҚШ-тың ұлттық павильонын таныстырды. Ол павильонының тақырыбы - «Шексіз энергия көздері».