ЭКСПО нысандарындағы қазақстандық үлес 60%-дан кем болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Көрме кешенін аралау барысында болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты.
None
None

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы жобаны бұдан әрі жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Кеңес барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев көрме кешені құрылысындағы Қазақстанның үлесін арттыру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық іс-шара дайындығына және оған қатысуға еліміздің бизнес-қоғамдастығы белсенді түрде тартылып жатқанын айтты.

ЭКСПО нысандарындағы қазақстандық үлес 60%-дан кем болмайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, құрылыс барысы туралы «Sembol», «BІ Group», «АБК Құрылыс-1», «Mabetex Group», «СК Базис», «Компания АДС», «MegaManagement» сияқты мердігерлік құрылыс компанияларының басшылары баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар