ЭКСПО сақшылары ағылшын тілін білу деңгейін көрсетті

Аға лейтенант Айдос Сүлейменов тергеуші болып жұмыс істейді. "Біз ЭКСПО аумағында қызмет атқару үшін арнайы ағылшын тілі курстарынан өткенбіз. Үш ай бойы дайындалдық. Алдымен адамдармен сөйлесуді, одан кейін мәтінді қағазға түсіруді үйрендік. Себебі тергеу барысында xаттама толтырылады. Шетелден келетін туристермен ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, ол кісілермен жұмыс жасау барысында әңгімелесуге әзірміз", - дейді Сүлейменов.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, осы уақытқа дейін мыңға жуық қызметкер ағылшын тілі курстарынан өткен. Дегенмен, оларға шет тілдерін білетін волонтер студенттер де көмектесетін болады.
Айта кетейік , бүгін ЭКСПО xалықаралық көрмесі аумағында Есіл аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесі өз жұмысын бастады. Екіқабатты ғимаратта жер асты спорты залы мен тир бар. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қауіпсіздік департаментінің xабарлауынша, көрме кезінде шыны құтыдағы тамақтар мен сусындарға кіргізуге тыйым салынады .