ЭКСПО сақшылары жер асты тирінде жаттығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ЭКСПО xалықаралық көрмесі аумағында Есіл аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесі өз жұмысын бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Екі қабатты ғимаратта орналасқан бөлімшеде жер асты паркингі, спорт залы, сондай-ақ тәртіп сақшылары жаттығатын арнайы тир бар. "Осы бөлімшеде кезекші бөлімі, тергеу топтары, шұғыл әрекет жасақтары мен криминалистер отырады. Олардың барлығы көрме кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Ал көрме өткеннен кейін бөлімшенің қызметкерлері осы аумақта және оған жақын территорияда өз жұмысын жалғастыратын болады", - дейді Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров.

Департамент басшысының айтуынша, көрме кезінде 9000 мың тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады. Олардың ішінде 1500 адам астаналық департаменттің мамандары болса, қалғандары - басқа департаменттерден жіберілген сақшылар, ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары, Ұлттық ұлан мен күзет құрылымдары.

"Бұдан бөлек, көрме аумағында 2 мыңнан астам бейнекамера бар. Соның бәрі бір желіге қосылып, қоғамдық тәртіп арнайы басқару орталығынан бақыланады. Біз де мына жақтан қарап отыратын боламыз", - деп атап көрсетті ол.

 

2

4

3

6

7

null

null


Соңғы жаңалықтар