Экспортқа тәуелді Жапония экономикасы бірінші тоқсанның қорытындысында жылдық есептеу бойынша 20 пайызға дейін қысқаруы ықтимал

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат/ - Әлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарыс дамыған елдердің өзіне де оңай тиіп жатқан жоқ.
None
None
Мәселен, экономикасы экспортқа аса тәуелді Жапонияның экономикасы биыл бірінші тоқсанның қорытындысында жылдық есептеу бойынша 20 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Мұндай болжамды өткен дүйсенбіде Жапонияның экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.k2rkapital.com сайтына сілтеме жасап.Аталған институт Жапонияның сауда министрлігінің деректерін келтіре отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіріс көлемін қаңтарда 9,1 пайызға қысқартқанын, енді ақпанда тағы 4,7 пайызға қысқартатынын алға тартады. Сарапшылар мұндай құлдырауды бірінші кезекте Жапонияның экспортқа тәуелділігімен байланыстырады. Мысалы, ел экономикасының алпауыты ? ірі экспорттаушы Тойота корпорациясы дағдарыстың салдарынан зауыттарын жауып, жұмыскерлерін жаппай қысқарта бастаған. Сондай-ақ ұлттық қор биржасының индексі де бұрын-соңды болмаған рекордық құлдырау көрсеткішіне түсіп, сыртқы рыноктағы жағдайға байланысты ұлттық валюта ?иенаның долларға қатысты нығаюы да ішкі қысымды күшейткен.
Соңғы жаңалықтар
Референдум