«Экспресс К» - бүгіннен бастап Астанаға қоныс тепті

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Зүлфира Мағзұмова/ - Бүгін елордамызда «Экспресс К» газеті редакциясы бас корпусының тұсаукесері болды, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Шілденің екісінен бастап  біз Астана қаласында арнайы тіркелуден өткенбіз. Бүгінгі газет санында жаңа мекен-жайымыз көрсетілді. Қоныс ауыстыруымыздың бір-ақ себебі бар - өзінің 90-жылдық тарихында «Экспресс К» газеті - үнемі атқарылып жатқан істердің, қабылданып жатқан шешімдердің қақ ортасында жүретін. Бүгіннен бастап біз - Астанадан шығатын басылымбыз. Бұл  Астанаға көшіп келіп жатқан алғашқы жеке меншік газет»,- дейді газеттің бас редактор - директоры Әділхан Нүсіпов.

 Ә.Нүсіповтың айтуынша, қазірдің өзінде  алматылық журналистердің бір тобы Астанаға көшу туралы шешім қабылдаған.

 Астанада орналасқан жаңа ғимараттың  көлемі 700 шаршы метрді құрайды.  Жөндеу жұмыстарына байланысты  ұжым жұмысын  қыркүйек айынан бастамақшы.

Соңғы жаңалықтар