17:47, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Экстремистік қоғамдастық құрғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ОҚО-да қолға түсті
ШЫМКЕНТ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Халықаралық іздеуге салынған Тәжікстан Республикасының 29 жастағы азаматы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қолға түсіп, қамауға алынды, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ол Мақтарал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізген «Мигрант» операциясының барысында мақта алқабында қолға түсті. «Ол 2006 жылы Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 тармағында көрсетілген «экстрмистік қоғамды ұйымдастыру» ісі бойынша халықаралық іздеуге салынған болатын», - дейді оның үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айта келе ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Қолға түскен азамат Қазақстан шекарасынан заңсыз өтіп, тығылып өмір сүрген, тұру үшін адамдар көп кездеспейтін жерлерді таңдаған. Одан діни кітаптар табылды. Табылған әдебиеттер сот-филология-теологиялық сараптамаға жіберілді.