Эквадорда президентке шабуыл жасағаны үшін 6 полицей 12 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор соты президент Рафаэль Корреаны өлтірмек болған алты полицейді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
None
None

Оқиға 2010 жылы 30 қыркүйекте болған. Бұл күні полицейлер мен әскерилердің жалақысына жұмсалатын қаржы көлемін қысқарту туралы заңның қабылданғаны салдарынан наразылықтар болған. Ірі қалалардың көшелеріне жүздеген адам шықты. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 274 адам жапа шекті.

Корреаның дәл жанында көзді жасаурататын газ баллонының жарылуынан ауруханаға жеткізілді. Наразылыққа шыққан полицейлер аурухананы қоршауға алып, президент ғимараттан 10 сағаттай шыға алмаған. Келесі күні президентке адал әскер жағдайды бақылауға алды.

Бірнеше күннен кейін, 5 қазанда наразылыққа қатысы бар деген күдікпен 46 полицей қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар