09:50, 14 Наурыз 2016 | GMT +5
Эквадорда тәртіп сақшылары екі тоннаға жуық кокаин тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңсыз жүк тиелген кемелер Орталық және Солтүстік Америка елдеріне бағыт алған. Эквадорда Теңіз сақшылары арнайы жүргізілген іс-шарада есірткінің ірі партиясын анықтады. Бортында 1,9 тонна кокаин тиелген жылдам жүретін екі кеме ұсталды, деп хабарлады lifenews.ru.

Ұстау кезінде шағын кемелердің бірінің экипажы заңсыз жүктен құтылмақ болып, есірткіні суға лақтыра бастаған. Тәркіленген есірткінің құны 39,6 млн. долларға бағаланып отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, кокаин партиясы Орталық және Солтүстік Америка елдеріне бағытталған.