Эквадорда телестудияға шабуыл жасау ісі бойынша жетекші прокурор атып өлтірілді

АСТАНА. KAZINFORM - Эквадордағы тәртіпсіздіктер кезінде TC Televisión телеарнасының студиясына қарулы адамдардың кіріп кету ісін тексерген прокурор Гуаякиль қаласында өлтірілді, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Эквадор
Фото: STRINGER

Прокурор Сезар Суарес Гуаякильдің солтүстігінде көлікте келе жатқанында атып өлтірілді. Көлікке кем дегенде 20 рет оқ атылған.

Атап өтілгендей, ол өткен аптада TC Televisión телеарнасының студиясына қарулы адамдардың кіріп, оның қызметкерлерін кепілге алу фактісін тексеріп жүрді.

«Эквадор прокуратурасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық мамандандырылған бөлімшенің прокуроры Сесар Суарестің өліміне қатысты ресми тергеуді бастады», - делінген прокуратураның хабарламасында.

Эквадорда қауіпсіздік жағдайы 7 қаңтарда “Лос-Чонерос” бандысының жетекшісі Фито түрмеден қашып кеткеннен кейін нашарлады. Осыдан кейін елдегі бірқатар түзеу мекемелерінде тәртіпсіздіктер орын алған. 8 қаңтарда Нобоа елде төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді.

Соңғы жаңалықтар