ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланды

Бюро өкілдері елімізге 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға байланысты келді.
Олардың міндеттерінің бірі - барынша қолайлы байқау форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу. Кездесу барысында тараптар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу рәсімін және референдумға дайындықтың басқа да мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Тараптар ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасы арасындағы, оның ішінде сайлау науқандарына қатысты диалогтың жандануы мен сындарлы сипатын құптады.
Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды .