10:49, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 28 байқаушысы аккредиттелді - ҚР ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 28 байқаушысын аккредиттеді.

«Сіздердің назарларыңызға 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Сайлауды ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 28 байқаушылары аккредиттелсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Қаулы жобасын ҚР ОСК мүшелері бірауыздан мақұлдады. Енді ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының байқаушыларына байқаушы куәлігі берілетін болады.
Айта кетейік, ҚР ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын 14 наурызға дейін аккредиттейді.