ЕҚЫҰ елдеріне Елбасының лаңкестікке қарсы бастамалары ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Министрлер жиналысының жұмысына қатысты. Оның барысында ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттер делегацияларымен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.
None
None

Пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясының басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Австрия еліне қолдау білдіре отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясында бекітілгендей, тұтас және ажырамас Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығын ілгерілетуге бағытталған инклюзивті диалогтың маңыздылығын атап өтті. 

ҚР Сыртқы істер министрі лаңкестікке алып келетін зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуға арналған «дөңгелек үстелде» Жаһандық лаңкестікке қарсы күрес коалициясы (желі), БҰҰ жаһандық лаңкестікпен күрес стратегиясы, Лаңкестік пен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы жаһандық іс-әрекет кодексі мен Лаңкестік ұйымдардың тұтас тізімін құру туралы Елбасының бастамаларын ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстанның лаңкестікке қарсы күрес бойынша шаралары, үшінші және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары мен «Кибер қалқан» бастамасы жөнінде мағлұмат берді.

Бұдан бөлек, ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттерге Қазақстанның 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына дайындығы және Астанада өтетін кезекті Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі туралы ақпарат берілді.

Іссапар барысында Қ. Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төраға елі Австрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курцпен екіжақты келіссөздер өткізді.

Одан бөлек, Қ. Әбдірахманов Еуропа одағы, Ирландия, Словакия, Канада және Кипрдің делегация басшыларымен болған кездесулер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  Келіссөздердің күн тәртібінде экономикалық дипломатия ерекше орын алды: инвестиция тарту, сауда айналымының өсуі, транзиттік-көлік әлеуетінің жүзеге асырылуы. Қазақстан тарапы өз әріптестерін «ЭКСПО-2017» негізінде құрылатын Астана халықаралық қаржы орталығы, «Болашақ энергиясы» «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы мен IT-стартап хабының жұмысына қатысуға шақырды.

Қазақстан сыртқысаяси ведомство басшысының Венаға іс-сапары мен ЕҚЫҰ дебаттарына қатысуы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақты дамуға бағытталған ҚР Президенті бастамаларының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетті.

null 

 

Соңғы жаңалықтар