14:05, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасы жеңілдетілуі тиіс - Е. Иманқұлов
nbsp;Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасы жеңілдетілуі тиіс.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында сенатор Еділбай Иманқұлов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы. Дегенмен де бұндай беделді ұйымға төрағалық еткенімізге қарамастан, Қазақстан үшін Шенген визасын алу әлі де үлкен тауқыметтің біріне айналып отыр. Қазақстанның дипломатиялық паспорттарының өзі де бұндағы кедергілерге әлсіз. Сондықтан да, Сыртқы істер министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра түсуі тиіс. Ең құрығанда дипломатиялық паспорттың иегерлеріне де жеңілдіктер қарастырылуы шарт еді. Сонымен бірге дәл қәзіргі ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан азаматтары үшін Еуропа елдеріне визасыз жүру тәртібін де қарастырған орынды», деді депутат Е. Иманқұлов.