ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақ мәселесін реттеудегі күш-жігерін нығайта түсуі керек – АҚШ Мемлекеттік хатшысы

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақ мәселесін реттеудегі күш-жігерін нығайта түсуі керек. Бүгін Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осылай мәлімдеді.

ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақ мәселесін реттеудегі күш-жігерін нығайта түсуі керек – АҚШ Мемлекеттік хатшысы

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ өзінің күш-жігерімізді Таулы Қарабақ жанжалын реттеу бойынша да арттыруы қажет. Ондағы негізгі басымдық - Минск тобы тарапынан әзірленген қағидаттарға негізделуі шарт. «Мен Минск тобының теңтөрағалы елі атынан кез келген бейбітшілікке қатысты шараның негізі Хельсинкі қағидатына, сондай-ақ президенттер Медведев, Саркози және Обама тарапынан әзірленген алты элементке негізделуі қажеттігін атап өткім келеді», - деді Х. Клионтон.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Астана Саммитінің ЕҚЫҰ мақсатына сәйкес, жанжалдарды шешуге септігін тигізетін қадамдар жасалатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ Минск тобының басты мақсаты - Армения мен Әзірбайжан арасындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан Таулы Қарабақ жанжалын шешу болып табылады.