ЕҚЫҰ өкілі облыстық сотта болды - БҚО
ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге әзірлік барысын бақылау мақсатымен Орал қаласына ат басын тіреген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Алойс Шлеффер облыстық сотта болды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол саяси науқан қарсаңында сайлау заңнамалары бойынша құрылған комиссияның мүшесі, судья Валентина Булавцевамен кездесті. Сұхбат сайлау заңнамалары тақырыбында өрбіді. А.Шлеффер облыс соттарына сайлауға қатысты қандай мазмұндағы арыз-шағымдар түсетіні, оларды қарау тәртібі, мерзімі жөнінде сұрап білді.