«Ел арна» телеарнасы өз жұмысын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап «Ел арна» телеарнасы өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы «Хабар» агенттігі хабарлады.
None
None

«Хабар» Агенттігі» АҚ 2014 жылдың 18 наурызынан бастап, Қазақстанның 98,8% аумағында «24KZ» жаңалықтар телеарнасы таралатынын хабарлайды. «24KZ» Қазақстан аумағында «Ел арна» телеарнасының негізінде баламалық жиілікте өз жұмысын жандандырды. Демек, ел тұрғындары жаңалықтар арнасын телевизиялық кәдімгі антенна арқылы көре алады», - делінген хабарламада. «24KZ» - еліміздегі тәулік бойы ақпарат тарататын тұңғыш телеарна. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап арна көрерменге жол тартты. Алғашқы сәтте телеарна сандық және жерсеріктік Otau TV ұлттық желісінің абоненттеріне, кабельдік телевизия операторларына қолжетімді болды. Бүгінде «24KZ» - Қазақстандағы жедел ақпарат беретін телеарна. Тәулік бойы эфирге «Жаңалықтар» топтамасын 48 және ақпараттық-танымдық бағдарламасының 50 шығарылымын ұсынады. Телеарна Reuters, APTN және Euronews секілді әлемге танымал компаниялармен әріптестік орнатқан. Медиа ресурс республика бойынша тілшілер қосынымен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар