Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ел аумағында демалыс күндері жел тұрып, жауын мен бұршақ жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16-18 мамыр аралығында Қазақстанның барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Ел аумағында демалыс күндері жел тұрып, жауын мен бұршақ жауады

«Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, елдің батыс, орталық және оңтүстігіндегі кей аудандарда жауын мөлшері көп болады. Кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі, сонымен бірге бұршақ жаууы мүмкін. Кезең соңында оңтүстік-батыс тропосфералық ағыны келіп, батыстан өзге аймақтарда ауа температурасы жоғарылайды.