Эльбрусте Еуропадағы ең жоғары таулы аспалы жол ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эльбрусте Еуропадағы ең жоғары таулы аспалы жол ашылды.
None
None

Аспалы жолдың жоғарғы стансасы теңіз деңгейінен 3 847 метрлік, төменгісі - 3455 метрлік биіктікте орналасқан. Жол сегіз орындық аспалы кабиналармен жарақтанған, оның ұзындығы 1 675 метр, ал өткізу қабілеті - сағатына 750 адамды алып өтуге есептелген. Алдағы уақытта ол сағатына 1,5 мың адамға дейін ұлғаяды. 2016 жылы тау шаңғышыларын тарту үшін сондай-ақ жасанды қарландыру жүйесін салу, шаңғы тебу аймағын кеңейту жоспарлануда, деп жазады Лента.ру .

«Бұл алғашқы қадам екенін түсінеміз. Бұдан басқа заманауи жағдайлар қажет, инфрақұрылым әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс. Біз сервисті де 3 847 метрге көтеруге тиіспіз», - дейді Қабарда-Балқария басшысы Юрий Коков.

Бұдан бұрын, Эльбрус беткейлерінің біріндегі ерекше экономикалық аймақ аумағындағы аспа жолдың құрылысына миллиард рубль жұмсалғаны хабарланған болатын.

Қабарда-Балқария курорттьар мен туризм министрлігінің мәліметтері бойынша, Эльбрус маңына өткен жылы 116 мың адам келді, ал 2015 жылдың бірінші тоқсанында онда 120 мың адам демалды.

Соңғы жаңалықтар