19:10, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ел экологиясындағы өндірістік қалдықтардың көлемі 149 мың тоннаға азайтылды ? Н.Ысқақов
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылда ел экологиясына шығарылатын өндірістік қалдықтардың көлемі 149 мың тоннаға азайды. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Нұрлан Ысқақов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, аталған мерзімде 8 мыңнан астам шаруашылық нысандар тексеріліп, 6 мыңнан асатын заң бұзушылықтар анықталды. 5 мың субъектіге жалпы сомасы 5 млрд. теңгені құрайтын айыппұлдар салынды. Сот үкімімен 135 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. «Жалпы 2008 жылда ел экологиясына шығарылатын өндірістік қалдықтардың көлемі 149 мың тоннаға азайды», - деді Н.Ысқақов.