«Ел іші - өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығар­ма­шылығы байқауы өтеді

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ел іші - өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығар­ма­шылығы байқауын өткізеді.
None
None

Байқауға облыстардың, Алматы мен Астана қа­лаларының көркемөнерпаз шығармашылық ұжым­­дары мен жеке орындаушылары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері мыналар:

1) жаңа дарындарды анықтау және талант­тарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету;

2) таланттарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

3) тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру;

4) жұрттың бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру;

5) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

6) Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату;

7) жастардың ұлт руханиятынан тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.

Байқау төмендегідей жанрлық номинациялар бойынша өткізіледі:

1) музыка және би;

2) театр өнері және оригиналдық жанр;

3) бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер.

Байқау аймақтарда іріктелген өнерпаздар қатысқан Астанадағы гала-концертпен аяқталады. Бұл шара туралы БАҚ-тарда жарияланады.

Байқау үстіміздегі жылдың мамыр-қараша айлары аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысуға жеке шығармашылық ұжымдар мен 15 пен 35 жас аралығындағы жеке орындаушылар шақырылады.

Байқауға қатысуға өтінішті жергілікті жер­лер­дегі мәдениет басқармалары қабылдап, оның өткі­зілу мерзімі мен орны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2012 жылдың мамыр айына дейін ұсынады.

Қатысушылар өзі таңдаған шығарманы орындау ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы керек. Ең жақсы деген ұжымдар мен орындаушылар Астанада өтетін қорытынды гала-концертке қатысады. Байқаудың жеңімпазы қазылар алқасының шешімімен гала-концертте анықталады.

Байқау туралы толық мағлұматты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігінің сайтынан (www.mk.gov.kz) алуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар