Ел өңірлерінде 4 адам суға кетті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ел өңірлерінде 4 адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ақмола облысының Қарғалы ауылына қарасты Нұра өзенінде суға түсу кезінде 38 жастағы ер адам батып кетті.

 Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көліне шомылу кезінде 41 жастағы ер адам батып кетті.

 Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында Окунька өзенінде балық аулап жүрген 31 жастағы ер адам батып кетті.

 Қостанай облысында Тобыл өзеніне суға түскен егде жастағы ер адам ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар