Ел өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 жылыға дейін аздап жылынады.


Соңғы жаңалықтар