Ел тұрғындары проблемалы қарызының есептен шығарылатыны туралы push-хабарлама алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың проблемалық несиелерін проактивті түрде есептен шығару тетігі туралы айтты. 

Мәдина Әбілқасымова
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Оның айтуынша, бүгінде барлық азамат заңдағы бар нормалар және өздерінің проблемалық қарыздарын есептен шығару мүмкіндігі туралы біле бермейді.

— Біз проактивті механизм енгізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, азаматтың ұзақ мерзімді қарызы бар және оның несиені өтеуге мүмкіндігі жоқ болса, оған push-хабарлама келеді. Онда ол осы тетік арқылы өз қарызын есептен шығара алатыны көрсетіледі. Осындай проактивті форматты енгізгіміз келеді, — деді агенттік басшысы Мәжілістегі брифингте.

Қазіргі уақытта мұндай push-хабарламалар форматы агенттік пен Қаржы министрлігі бірлесіп әзірлеп жатыр. 

Еске салсақ агенттік төрағасы Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер сот шешімінсіз есептен шығарылатны туралы айтқан еді

Соңғы жаңалықтар