Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ЕлАрна» телеарнасы «Алдар көсе» телехикаясын ұсынады

АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ЕлАрна» телеарнасы ҚР Тәуеліздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай көрермен назарына 19 желтоқсан кешкі сағат 21.15-те «Алдар көсе» телехикаясын ұсынады. Комедиялық жанрдағы шытырман оқиғалы бұл фильмнің тұсауы 9 қараша күні кесілген болатын.

«ЕлАрна» телеарнасы «Алдар көсе» телехикаясын ұсынады

Оны түсірген Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің жас түлектері Бекайдар Шалдарбеков пен Александр Востриков. Фильмде басты кейіпкерді Дәурен Серғазин сомдайды. Ал негізгі өзге кейіпкерлерді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР Еңбегі сіңген артисі Қадырбек Демесінов, Болат Әбділманов, Омар Қайқымов, Мұрат Нұрасылов және тағы басқа да өнер майталмандары мен театр-кино саласының талантты жас актерлері ойнайды.