Эльбадағы жұртты тәнті еткен айсбергтер паром компанияларын алаңдатып отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қаңтар айындағы аяздың салдарынан Гамбург маңында биіктігі 10 метрге дейін жететін мұзды төбешіктер пайда болды. Эльба өзенінде мұзжарғыш кемелер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Еuronews.
Ауа температурасы минус 11 градусқа дейін төмендеуі салдарынан Геестхахт маңындағы Эльба үстінен өтетін көпірдің төменгі ағысында, Төменгі Саксония бағытына қарай нағыз айсбергтер қалыптасты. Қатты аязға қарамастан, демалыс күндері көптеген жергілікті тұрғындар осы маңға арнайы серуендеуге келді. Адамдар мұз массаларына таңғалып, ерекше көріністі фотоға түсіріп, кадрларды әлеуметтік желілерге жүктеді.
Алайда кеме қатынасы қызметтері үшін бұл көріністер нағыз бас ауруына айналды.
Enorme ijsmassa's op de Elbe 🇩🇪
— Johanns (Alpen)weer @johannsalpenweer.bsky.social (@Alpenweerman) January 18, 2026
Na de koude periode, afgelopen zondag daalde de temperatuur tot -11°C en door een lage waterstand konden zich enorme ijsmassa's vormen op de Elbe. Als gevolg vd lage waterstand vormde zich grondijs dat omhoog kwam en het oppervlakwater verstopte.… pic.twitter.com/it9EL3duuD
«Біз осы күнге дейін мұндайды көрмеппіз», дейді Су жолдары мен кеме қатынасы басқармасының (WSA) арнайы флот бөлімінің басшысы Андреас Шульц.
Оның айтуынша, мұз Эльба өзенінің түбінен он метрге дейін көтеріліп жатыр.
Геестхахт пен Лауэнбург аралығында алты мұзжарғыш кеме тәулік бойы қатынап, өзендегі кеме қатынасының тоқтап қалмауына жағдай жасап жатыр.
Айта кетейік, ғарыштан анық көрінетін ең ірі айсберг A-23A-ның түсі неге өзгергенін жаздық.