08:31, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Елбасы 2011 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы өкімге қол қойды
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «2011 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ-тар.
Мемлекеттік стипендиялар Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерге, сондай-ақ жоғары шығармашылық әлеуетке ие тұлғаларға материалдық қолдау ретінде беріледі.