Елбасы АҚШ Елшісі Ричард Хоугландты қабылдады
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әңгіме барысында өңірлік ынтымақтастықтың перспективасы мен екіжақты қарым-қатынастың кейбір мәселелері талқыланды. Кездесуде Қазақстан-Америка сауда-экономикалық өзара іс-қимылдары, оның ішінде инновациялық технологиялар саласындағы байланыстар туралы мәселе қаралды. Қазақстанның жедел инновациялық-индустриялық дамуы Орталық Азия аймағындағы барлық елдердің экономикасына оң әсер ететіні айрықша аталып өтті.Сондай-ақ ядролық қаруды таратпау үдерісі тақырыбы, Ауғанстандағы ахуал және халықаралық саясаттың басқа да өзекті қырлары жөнінде әңгіме қозғалды.