Елбасы алдағы 10 жылдықта мемлекет пен қоғамның баса назар аударуы тиіс 5 негізгі бағытты айқындады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Үкіметке 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын аяқтау туралы тапсырма берілгендігіне тоқталған Елбасы алдағы 10 жылдықтың даму мерзімдері екі бесжылдықтарға бөлініп, қарастырылатынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Үкіметтің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы «Қазақстан 2030» стратегиясының келесі қадамы болып табылмақ. «Бұл тұрғыдан ғаламдық өзгерістер мен тенденциялар ескерілуі қажет. Сондай-ақ жақын 10 жылдықта мемлекет пен қоғам 5 негізгі бағытқа баса назар аударуы керек. Бұлар: дағдарыс кезеңіндегі экономиканы тұрақтандыру, оның орнықтылығын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті адами капитал құру, жұртшылықты базалық әлеуметтік тұрғын үй коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету, ұлтаралық келісімді қолдау, халықаралық қатынаста қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстану», деді Н. Назарбаев.