20:12, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыру жоспарын Павлодар облысының әкімі активке ұсынды
ПАВЛОДАР. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Бүгін Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша нақтылы іс-қимылдар жоспарын аймақ активіне ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Біздер облыс бюджетінің әлеуметтік бағытталуын сақтаймыз, деді облыс әкімі. Халықты әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерін, балалар жәрдемақыларын, тұрғын үй субсидияларын, денсаулық сақтау мен білім беру бойынша мақсатты бағдарламаларды қаржыландыратын боламыз.Атқарушы биліктің бар күші бірінші кезекте облыстағы әрбір елді мекенде еңбекпен қамту стратегиясын іске асыруға бағытталады, оның жүзеге асырылуын үйлестіру және мониторинг бойынша құрылған комиссия бақылайтын болады. Бұған дейін еңбекпен қамту орталықтары тіркелген жұмыссыздарға ғана қызмет көрсететін, бүгінгі күні олар жұмыстан босау қаупі төніп тұрған адамдарға да көмек көрсетеді. Сегіз мыңнан астам адам жеделдетілген оқудан өтеді, қоғамдық және уақытша ақы төленетін жұмыстарға қатыса алады. Аймақта «Еңбекпен қамту стратегиясын» іске асыру сегіз мыңға жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан облыста инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып отырғанын Б.Сағынтаев атап айтты. Көрсетілген мерзімде электролиз зауытының екінші кезегі іске қосылатын болады, «KSP Steel» ЖШС құбыр прокатының құрылысы және химия зауытында хлор-сілті өндірісін дамыту, Екібастұз ГРЭС-1-ді қайта құру, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу жалғастырылады. ҚР Президенті алға қойған міндеттер бойынша Павлодар облысының әкімі ұсынған іс-қимылдар жоспары биліктің барлық тармақтары үшін дәл бағдар береді.