Елбасы Алматыда "Қазақстан халық банкі" Бас кеңсесінің жаңа ғимаратында болды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Елбасы Алматыда "Қазақстан халық банкі" Бас кеңсесінің жаңа ғимаратында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәулет өнерінің жоғары технологиялық жетістіктерін пайдалана отырып тұрғызылған бұл ғимарат қаланың архитектуралық келбетін одан ары айшықтай түседі. 2009 жылы желтоқсан айында іске қосылған ғимаратта қаржы институтының құрылымдық бөлімшелері бір жерде тоғыстырып отыр. Бұл банк қызметін одан ары жетілдіріп, бизнес үдерістерін барынша оңтайландыруға мүмкіндік береді. Биыл Астана мен Теміртау қалаларында өңірлік филиалдарының жаңа ғимараттарын пайдалануға берген Банк енді Өскеменде Шығыс Қазақстандағы облыстық филиалын да жаңа қонысқа көшірмекші. Бұл туралы банк басшылығы Елбасының Бас кеңсемен танысуы кезінде мәлімдеді.