Елбасы Алматыда өтетін IV Қазақстандық инвестициялық саммиттің жұмысына қатысады

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін Алматыда IV Қазақстандық инвестициялық саммит ашылады. Оның жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.
None
None

«Интернэшнл геральд трибьюн» басылымы ұйымдастырып отырған саммиттің барысында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші компаниялардың өкілдері мен инвесторларға Қазақстанға инвестиция аударудың перспективасы мен тәуекелдері таныстырылады.

Саммит ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Шараға сондай-ақ ел Үкіметінің мүшелері мен жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері қатысады.

Саммитке «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры», «Роял Дотч Шелл», «БиДжи груп», «ДжейТиАй», «Эйр Астана» компаниялары, «ЭйчЭсБиСи» банкі, Шотландияның Корольдік банкі, «Дойче банк», «Эрнст энд Янг» компаниясы , Астана экономикалық форумы, «СиЭнЭн» компаниясы,Еуразиялық медиафорум және Алматы әкімдігі демеушілік көрсетіп отыр.

«Интернэшнл геральд трибьюн» басылымы - әлемнің көптеген өңірлерінде қоғамдық пікірлерді қалыптастырушы жетекші халықаралық газет болып табылады.

Соңғы жаңалықтар