Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Алматының бірқатар инфрақұрылымдық жобаларын аралады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Алматыға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ашылған Holiday Inn Almaty қонақүйінде болды,

Елбасы Алматының  бірқатар инфрақұрылымдық   жобаларын аралады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаладағы орта дәрежедегі бірінші халықаралық және Қазақстан бойынша алғашқы Holyday Inn отелі болып табылатын, заманға сай 230 нөмірлі бұл қонақүйде балл залы, қосымша алты мәжіліс залы бар. Оған қоса сымсыз Интернет жұмыс істейді, кір жуатын және химиялық тазалау орындары да бар. Holyday Inn әлемдегі ең үлкен отельдер желісінің бөлігі. Құрылысы 2006 жылы басталған қонақүй ағымдағы жылы қаңтардың 21-інде есігін ашты. Holiday Inn Almaty басшылығы республиканың басқа да үлкен қалаларында осындай қонақүйлер ашуды жоспарлауда. Президент, сондай-ақ Үкімет қолдауының арқасында үлестік салымшылар пәтерлерінің кілттерін алып отырған «Керемет» тұрғын үй кешенімен танысты.