Елбасы Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасын қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиевті қабылдады,

Елбасы Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасын қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Елбасы ұйымның жұмысына ынта қойды. Мақтай Сағдиев Президентті алда келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге әзірліктің барысы туралы хабардар етті. Елбасы ардагерлерге, соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқорлық мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.