Елбасы «Астана Балет» театрының ашылуына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

«Астана Балет» театрының хореографиялық ұжымы Бразилия хореографы Рикардо Амарантенің классикалық музыкамен әрленген «Diversity» балетінің премьералық көрсетілімін ұсынды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының кешені құрамына кіретін жаңа театр әлемдік үздік үлгілерге сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген шығармашылық ұжымды қабылдай алады.

Сахнаның техникалық өлшемдері түрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы спектакльдер қоюға, концерттер, мюзиклдер және сан алуан арнаулы эффект қолданылатын шоулар өткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар