14:24, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елбасы Астана қаласының әкімін қабылдады
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.И.Тасмағамбетов Президентке Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік бағдарламасының, атап айтқанда тұрғын үй құрылысы мен заманауи қала инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы елордада жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарды салу қажеттігін ерекше атап өтті.