18:27, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елбасы Астана және Алматы Митрополиті Мефодийді қабылдады
sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында Астана және Алматы Митрополиті Мефодийді қабылдады,

деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
- Мен Мемлекет басшысын Қазақстандағы православие шіркеуінің атқарып жатқан істері жайынан хабардар еттім және онымен Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кириллдің алдағы уақытта біздің елімізге сапары туралы мәселені талқыладым. Патриархтың сапары келесі жылдың қаңтарының екінші онкүндігіне жоспарланған және Астана мен Алматыда жалғасын табатын болады, - деп мәлімдеді журналистерге Владыка Мефодий Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін.