Елбасы Астананың құрылысына келгенде шығармашылық ізденістерге ешқашан қатаң шектеулер қоймаған - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының құрылысына келгенде шығармашылық ізденістерге ешқашан қатаң шектеулер қоймаған. Бүгін, мамырдың 25-і күні басталған Түркі әлемі сәулетшілері мен қала құрылысшыларының ІІІ-ші құрылтайында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай атап көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана - сәулет өнерінің соңғы шешімдері жинақталған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жобасы. Бұл қалада ауқымды эксперименталды және инновациялық мүмкіндіктер тоғысқан. Оның қалалық ландшафтында әлемдік атаққа ие сәулетшілердің креативті жобалары көрініс тауып отыр. Бұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Астана қаласының құрылысына келгенде шығармашылық ізденістерге ешқашан қатаң шектеулер қоймағандығынан», деп атап көрсетті қала басшысы.

Оның айтуынша, сондықтан да қала сәулеттік идеялардың кең өрісімен ерекшеленеді.

Соңғы жаңалықтар