Елбасы Атырау облысында жұмыс орындарын сақтау және жаңа өндірістік нысандарды дамыту қажеттігін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жергілікті билік ерекше көңіл бөлуі тиіс өңір дамуының бірқатар басым бағыттарын атап көрсетті. Атап айтқанда, қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайда жұмыс орындарын сақтау, жаңа өндірістік нысандарды дамыту және облыстың ірі өндіруші кәсіпорындары айналасында индустриалық аймақ құру мәселелері талқыланды.